Дінмұхамед Зиядин

Мынау мен…Шалқайғанға шалқайып, еңкейгенге еңкейе салатын пақырыңыз осы…ҚҰДАЙДЫҢ құдіретімен тырбанып жүріп жатқан жайымыз бар…Елім деп еңірегенде етегіміз жасқа толмаса да (шіркін-ай десеңші!), жүрек құрғыр шымылдап-ақ жүреді. Жасым 23-те (мәлімет 6.5.11-на берілді). Орта бойлы, шыдамды, мығым келген, моңғолдың тапал жылқылары секілді тұрқымыз бар. Жалғанда жанымның сүймейтіні – сатқындық пен жалғандық. Абстрактілі ұғымдардан ең жақын достарым – жалғыздық пен ойлар… Адамдардан – … ой, көп! Сол…