Ангар Смагулов

1957 жылы Ақшатау кентінде дүниеге келген.

1974 жылы Ж. Алтайбаев атындағы (бұрынғы К. Маркс) орта мектебін бітірген.

1974-1980 жылдар аралығында Ә. І. Сембаев (бұрынғы Ж. Жабаев) атындағы орта мектепте мұғалім, Шет аудандық "Ильич туы" газетінің партия тұрмысы бөлімінде тілші, Ақшатау селолық мәдениет үйінде директор қызметтерін атқарды. 1980-1995 жылдары "Ақшатау" кеңшарының әр саласында еңбек етті. Одан кейін кәсіпкерлікпен айналысты. Қазір "КарьерТау" мекемесінде қызмет атқарады.

Көптеген танымдық мақалалар жазған. Бірқатар кітаптары жарық көрген.

Жергілікті өлкетанушы, шежіреші. Қырғыз Республикасына барған "Кенесары" экспедициясының құрамында зерттеу жұмыстарымен айналысқан.