Ізгілік Нағиев

Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев- 1975 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туылған.

Мамандығы: Бағдарламашы, Интернет маманы.

2002 жылдан бастап бағдарламашы мамандығын игеріп, Интернет жүйесінде сайт жасау, техникалық қолдау қызметтерімен айналыса бастады.

Алғашқы ашылған http://tor.kz, http://nur.kz, http://al-islam.kz т.б қазақша сайттардың авторы және үйлестірушісі.

2008 жылдан бастап «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігінің техникалық директоры болып қызмет атқарады.

Бүкіләлемдік байланыс құралы Интернет арқылы Қазақстан мемлекеті туралы кеңінен информациялық мағлұмат беру, қазақ тілінде сайттар дайындау және Интернетте орналастыру, техникалық қызмет көрсету. олардың жұмысын жолға қою және даму проблемаларын зерттеу арқылы қазақтілді Интернет-кеңістігін қалыптастыру, халқымыздың рухани, мәдени, әдеби һәм өркениетті дамуына үлес қосу, заман талабына ілесе отырып, бүкіләлемдік желінің көмегімен жас жеткіншектерден бастап еліміздің әр азаматына ұлттық мүдде тұрғысынан қызмет ету, CD дискілер және танымдық программалар жасау қызметтерімен тұрақты түрде айналысады.

2009 жылдан бастап «Қаламгер ТЕН» ЖШС мекемесінің директоры қызметінде. «Егемен Қазақстан» газеті, «Ана тілі» газеті, «Нұр Астана» газеті, «Жас қазақ үні» газеті, «Дала мен қала» газеті, «Үшқиян» газеті және т.б сияқты қазақтілді белгілі басылымдардың Интернеттегі тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ақпараттық, мәдени, ғылыми жобалармен айналысуда.

2010 жылдан бері “MediaLab” медиа коммуникация орталығының атқарушы директоры.