ИСАЕВ Нұрлан
- 1991 жылдың 17-желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жаңа-ауыл әкімшілігі, "Қараой" елді мекенінде дүниеге келген. 1999-2008 жылдар аралығында Рудаки атындағы орта мектепте білім алған. 2007 жылдан бері поэзия әлеміне қадам басып, махаббат тақырыбында қалам тербеп келеді. 100 ге жуық махаббат жырларының авторы. Аудандық "Нарық Әлемі", Республикалық "Студент Газеті", "Орта Азия" газеттерінде тілшілік қызметте болған. Бүгінгі таңда "Нимэкс-Транс" ЖШС- қызметкері.