Ұлықбек Алиакбарұлы

Аты жөнім: Алиакбарұлы Ұлықбек.

Сонау сексенінші жылдары Созақ өңірінде, совхоздың жұмысшы отбасында дүниеге келген екенмін. Яғни, ОҚО, Созақ ауданы, Жуантөбе совхозы. Мен туылған жылы ата-анам еншісін алып, Кентау қаласына көшіп кеткен екен. Қазіргі таңда Кентау қаласының тұрғынымын. 1986 жылы кентау қаласындағы № 24 қазақ орта мектебіне 1-ші сыныпқа оқуға бардым. Аталмыш Т.Рысқұлов атындағы № 24 мектепті 1997 жылы бітірдім. Бұдан соң ЖОО оқуға бет алдым. Шымкентте бұрынғы Қазақ Кувейт университеті, филология факультетінің түлегімін (1998-2002). Бұдан кейінгі жылдары Стамбул, Дамаск, Кайр, Медине қалаларында оқуымды жалғастырдым. 2006 жылы шетелдегі оқулардан Еліме оралдым. Содан бері имамдық қызметтемін. Түркістан қ. Н.Төреқұлов атындағы мешіт-медресесінің бас имамы болдым (2006-2009). Одан кейін Түркістан қ, “Ықылас” мешітінің бас имамы қызметінде болдым (2009-2010). Қазіргі күні (2011 қаңтар айынан бер) ҚМДБ, ОҚО бойынша өкіл имамның көмекшісі, “Қаттани” мешітінің ресми сайтының (http://kattani.kz) администраторы қызметіндемін.